"Пара бермесе жоқ": Депутат жетім балалардың пәтер ала алмай тентіреп жүргенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Пара бермесе жоқ": Депутат жетім балалардың пәтер ала алмай тентіреп жүргенін айтты

"Пара бермесе жоқ": Депутат жетім балалардың пәтер ала алмай тентіреп жүргенін айтты

Қазақстанда 22 мың жетім бала бар.

  • 24 Маусым
  • 9
Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов жетім балалардың жағдайына байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне сұрақ қойды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kznews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Мәжілісте министрліктің өкілдері Қазақстанда 22 мың жетім бала барын хабарлаған.

«Биыл қанша жетім бала пәтермен қамтылады? Нақты сандармен жауап берсеңіздер. Өйткені жыл сайын жетім балалар пәтерінен айырылып қалады. Ала алмай қалады. Тентіреп есіктерді тоздырып жүреді. Гранттарыңыз бойынша, мүгедектігі бар адамдарға 1,2 млн теңге грант береміз дейсіздер. Бірақ беретін грантты 500 мың теңге пара бермесе тағы жоқ. Оған да нақты дәлелдеріміз бар. Сіздер тараптан ешқандай жауап жоқ», – дейді депутат.

Ринат Зайытов өтемақы жайлы да айтты.

«Айды аспанға шығарғандай айғайлап айтасыздар. 21 мың теңгеден 32 мың теңгеге дейін өсірдік дейсіз. Максималды түрде алайыншы, адам ретінде сұрайыншы: 32 мың теңге күніне шағатын болсаң, 1066 теңге болады», — деп сұрақты төтесінен қойды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі сұраққа жауап таппай, кейін жазбаша жауап беруге уәде етті.