Паралимпиада-2024: Қазақстан қанша медаль еншіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Паралимпиада-2024: Қазақстан қанша медаль еншіледі

Паралимпиада-2024: Қазақстан қанша медаль еншіледі

Дүбірлі дода 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.

  • 2 Қыркүйек 2024
  • 8
Фото: ашық дереккөз

Бүгін, 2 қыркүйекте Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар бір сайыс түрінен жарыс жолына шығады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Сағат 15:00-де отырып ойнау волейболынан Қазақстан құрамасы Египетпен шеберлік байқасады.

Қазақстандық құрама бұдан бұрын Францияны 3:0 есебімен жеңсе, одан кейін Босния және Герцоговинаға 2:3 есебімен жол берді.

Ал Египет құрамасы Босния және Герцоговинаға 1:3 есебімен жеңілсе, Францияны 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Қазір аталған топта Босния және Герцоговина көш бастап, алғашқы жолдамаға ие болды. Екінші жолдама тағдыры Қазақстан мен Египет кездесуінде шешіледі.

Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды.

Дүбірлі дода 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.

Қазақстан пара спортшылары бұған дейін Паралимпиада ойындарында 2 алтын, 4 күміс, 1 қола медальды олжалады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера