Жарияланды: 380

Париж бен Астана экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған құжаттар топтамасына қол қойды

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың Францияға жасаған ресми сапары барысында Кәрім Мәсімов және Франция Премьер-министрі Франсуа Фийон арасында өткен келіссөздерде экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен, келіссөздер қорытыныдысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі таратқан хабарда.

Қазақстан Республикасының Үкіметі және Француз Республикасының Үкіметі арасында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім бекітілді. Сондай-ақ мәдениет саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша ниет туралы Декларацияға қол қойылды. Сонымен қатар, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі және Францияның азаматтық авиация агенттігі арасында «Астана - Париж» тура рейсін ұйымдастыру туралы» ниет жөніндегі хаттамаға қол қойылды. Сондай-ақ, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, «EADS-Eurocopter» және «Еврокоптер – Қазақстан инжиниринг» ЖШС арасында Қазақстан аумағында ЕС-145 бағдарламасын іске асыруда ынтымақтастық туралы Келісімге, сондай-ақ «Еврокоптер – Қазақстан инжиниринг» ЖШС және «EADS-Eurocopter» компаниясы арасында дистрибуция, техникалық қызмет көрсету және кәсіптік даярлау орталығын құру туралы Келісімге қол қойылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін