Париж бен Астана экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған құжаттар топтамасына қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Париж бен Астана экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған құжаттар топтамасына қол қойды

Париж бен Астана экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған құжаттар топтамасына қол қойды

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың Францияға жасаған ресми сапары барысында Кәрім Мәсімов және Франция Премьер-министрі Франсуа Фийон арасында өткен келіссөздерде экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен, келіссөздер қорытыныдысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі таратқан хабарда.

  • 28 Маусым 2011
  • 364
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасының Үкіметі және Француз Республикасының Үкіметі арасында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім бекітілді. Сондай-ақ мәдениет саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша ниет туралы Декларацияға қол қойылды.

Сонымен қатар, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі және Францияның азаматтық авиация агенттігі арасында «Астана — Париж» тура рейсін ұйымдастыру туралы» ниет жөніндегі хаттамаға қол қойылды.

Сондай-ақ, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, «EADS-Eurocopter» және «Еврокоптер – Қазақстан инжиниринг» ЖШС арасында Қазақстан аумағында ЕС-145 бағдарламасын іске асыруда ынтымақтастық туралы Келісімге, сондай-ақ «Еврокоптер – Қазақстан инжиниринг» ЖШС және «EADS-Eurocopter» компаниясы арасында дистрибуция, техникалық қызмет көрсету және кәсіптік даярлау орталығын құру туралы Келісімге қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар