Париж Олимпиадасы: 28 шілдеде қазақстандықтар қандай нәтиже көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Париж Олимпиадасы: 28 шілдеде қазақстандықтар қандай нәтиже көрсетті

Париж Олимпиадасы: 28 шілдеде қазақстандықтар қандай нәтиже көрсетті

Париж Олимпиадасында 28 шілдеде қазақстандықтар спорттың бірнеше түрінен сынға түсті. Олардың арасынан Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдегер атанды. 

  • 29 Шiлде
  • 2
Фото: Kazinform

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) финалда сербиялық Страхиня Бунчичті тізе бүктіріп, қола медаль алды. Оны мамандар қазақ дзюдосы тарихындағы триумф деп бағалап отыр. Олимпиада ойындарының алғашқы екі күнінде біздің құрама 1 алтын, 1 қола жүлдеге қол жеткізді.

Пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуде Александра Ле финалға шықты. Ол іріктеуде 631.4 ұпай жинап, алтыншы сатыға тұрақтады. Ал Арина Алтухова бұл сында 17-сатыға жайғасты (627.7 ұпай).

Бокстан әйелдер арасында 2 дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай алғашқы айналымда Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Джиордана Соррентинодан (Италия) 4:1 басым түсті.

Пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден ерлер арасындағы жекелей сынның іріктеуінде Ислам Сатпаев 628 ұпай жинап, 21-орынды місе тұтты. Ал Константин Малиновский 626.6 ұпаймен 32-орыннан көрінді.

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Руслан Құрбанов ширек финалында жапон Коки Канодан ұтылып қалды. Ал Эльмир Әлімжанов Федерико Висмараға (Италия) есе жіберсе, Вадим Шарлаимов екінші кезеңде сүрінді.

Бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 келі) алғашқы айқасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері Зейяд Ишаишқа 2:3 есебімен жеңіліп, жарыс жолын ерте аяқтады.

Бадминтоншы Дмитрий Панарин Париж Олимпиадасының іріктеуінде Кента Нисимотодан (Жапония) ұтылды.

Академиялық ескек есуден Владислав Яковлев жұбаныш кезеңіндегі 3-ші алтылықта жарысып, мәреге төртінші болып жетті. Уақыт көрсеткіші — 7:21.12.

Теннистен А.Шевченко 18 жасар чех теннисшісі Я.Меншиктен 0:2 есебімен жеңілді.

Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасы қоржынына үш медаль түсті. Дзюдодан Елдос Сметов (60 келі) чемпион атанды.

Ал дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) пен Аександра Ле мен Ислам Сәтбаев аралас командалар арасындағы жарыста ел қоржынына қола жүлде салды.