Париж олимпиадасы: Түк тындырмаған теннисшілер - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Париж олимпиадасы: Түк тындырмаған теннисшілер

Париж олимпиадасы: Түк тындырмаған теннисшілер

Рыбакинаның Парижге бармай қалуы – Өтемұратовтың жеке арифметикасы деген пікірлер де әсте-әсте айтылып қап жатыр.

  • 30 Шiлде
  • 10
Фото: ашық дереккөз

Өтемұратов арифметикасы.

Сөйтіп, Қазақстанның теннисшілері төрткүл дүние көз тіккен төрт жылдықтың басты бәсекесінде түк тындырмай қайтып барады, деп жазды журналист Оңғар Қабден. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы.

— Александр Бублик пен Александр Недовесов жұптық сында жеңіліп қалды.

— Бублик жекелей сында алғашқы айналымда жеңіліс тапты.

— Александр Шевченко бірінші айналымында ұтылды.

— Елена Рыбакина Парижге бармай қойды, білесіздер.

— Ал Парижге барып, дайындық жасап жүрген Юлий Путинцева жарысқа қатыспады.

Рыбакина да, Путинцева да денсаулықтары жарамайтынын айтты.

Қазақстан теннис федерациясын ұзақ жылдардан бері олигарх Болат Өтемұратов басқарады. Әлгі жеме-жемде «бронхы» ауырып қалатын Рыбакинаны аттай қалап, Ресейден алдыртқан да осы Өтемұратовтың өзі еді. Өтемұратов бірдеңе деп, түсініктеме берер деп отырмыз…

Әйтпесе, өзгелерін айтпағанда, дәл Рыбакинаның Парижге бармай қалуы – Өтемұратовтың жеке арифметикасы деген пікірлер де әсте-әсте айтылып қап жатыр», — деді ол.