Парижде Әлем чемпионатына қатысып жатқан дзюдошылардың қоржыны әзірге бос - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парижде Әлем чемпионатына қатысып жатқан дзюдошылардың қоржыны әзірге бос

Парижде Әлем чемпионатына қатысып жатқан дзюдошылардың қоржыны әзірге бос

Францияның Париж қаласында дзюдодан Әлем чемпионаты өтіп жатыр. 23-тамызда басталған бұл додада әзірге қазақстандықтардың қоржына бірде-бір медаль түспеді.

  • 25 Тамыз 2011
  • 462
Фото - Caravan.kz


Әлемнің 136 елінің спортшылары қатысып жатқан бәсекеде алғашқы күні әйелдер арасында 48 келідегі, ал ерлер арасында 60,66 келідегі балуандар белдескен болатын. Онда 1-белдесуде Александра Подрядова (48 кг) мен Елдос Сметовты 2009 жылғы Әлем чемпионы жапондық Фукуми Томоко мен қола жүлдегер атанған армениялық Давтян Ховганесу кесті. Еркебұлан Қосаев (60 кг) американдық Николас Коссордан басым түскенімен, 2010 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері ресейлік Арсен Галстянға есе жіберді. Азамат Муқанов (66 кг) та канадалық Мичал Попильді ұтқанымен ресейлік Мусе Могушковқа ұтылды. Наурызбек Майлашев болса үшініш кездесуде жарыс қожайыны Давид Ларостың осал тұсын таба алмады. Кеше әйелдер арасында 52,57, ерлер арасында 73 келідегі дзюдошылардың белдесуі болды. Онда Келбет Нұрғазина (52 кг) екінші кездесуде 2009 жылғы Әлем чемпионы жапондық Мисато Накамуроға есе жіберді. 57 келідегі Алина Тенді жеребе алғашқы кездесуде-ақ Мисато Накамуроның командаластарымен жолықтырып, онда қарсыласының мерейі үстем шықты. Дәл осы салмақта белдескен екінші балуан қыз Ленария Мингазова болса Түрікменстан мен Жапониядан келген қарсыластарының осал тұсын тапқанмен, неміс қызы Мириам Поппер айласын асырып кетті. Ал ерлер арасында Ринат Ибрагимов (73 кг) жартылай финалда француз Юго Леграндқа жол беріп қойды. 28 тамызға дейін жалғасатын бұл дүбірлі додада бүгін ерлер арасында Ислам Бозбаев пен Саят Шамшиев (81 кг), әйелдер арасында Зарина Алдыкова мен Айгерім Қыдырбаева (63 кг) жарыс жолына шығады. Ертең Жанар Жанзунова, Марьян Урдабаева (70 кг), Ғалия Ұлментаева, Замзагүл Файзолланова (78 кг) және Тимур Болат, Александр Касачев (90 кг), арғы күні Гүлжан Исанова, Зарина Абдрасилова (+ 78 кг) және Максим Раков (100 кг) пен Ержан Шынкеев (+ 100 кг) өз белдесулерін өткізеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера