Парижде дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парижде дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді

Парижде дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді

23-28 тамыз күндері Францияның Париж қаласында дзюдодан Әлем чемпионаты болады.

  • 22 Тамыз 2011
  • 515
Фото - Caravan.kz

Оған 150-ден аса мемлекеттен спортшылар қатысады деп жоспарлануда. 2012 жылы Лондонда өтетін жазғы Олимпиада ойындарының ұпайлары сарапқа салынады. Онда ел намысын 7 салмақта ерлер арасында да, әйелдер арасында да 12 балуан қорғамақ.

Атап айтқанда ерлер құрамасының бас бапкері Асхат Житкеев — Еркебұлан Қосаев, Елдос Сметов (60 кг), Наурызбек Майлашев, Азамат Мұқанов (66 кг), Елдар Зәріпханов, Ринат Ибрагимов ( 73 кг), Ислам Бозбаев, Саят Шәмшиев (81 кг), Тимур Болат, Александр Касачев (90 кг), Максим Раков (100 кг), Ержан Шынекеевке (+100 кг) үміт артуда. Әйелдер құрамасының бас бапкері Ербол Қырғызбаев болса Александра Подрядова (48 кг), Келбет Нұрғазина (52 кг), Линара Минғазова, Алина Тен (57 кг), Зарина Әлдікова, Әйгерім Қыдырбаева (63кг), Мариям Ордабаева, Жанар Жанұзынова (70 кг), Ғалия Үлментаева, Зәмзагүл Файзоланова (78 кг), Гүлжан Иссанова, Зарина Әбдірасыловаларға (+78) сенім білдіріп отыр. Олардың арасында Максим Раковқа бапкерлер зор үміт артуда. Ол 2008 жылы Голландияның Роттердам қаласында Әлем чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, құрама қоржынына алтын медаль салған болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера