Парижде EXPO-2017 көрмесін өткізуге қатысты Қазақстан мен Бельгия өкілдерінің баспасөз мәслихаты өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парижде EXPO-2017 көрмесін өткізуге қатысты Қазақстан мен Бельгия өкілдерінің баспасөз мәслихаты өтеді

Парижде EXPO-2017 көрмесін өткізуге қатысты Қазақстан мен Бельгия өкілдерінің баспасөз мәслихаты өтеді

Бүгін Парижде 2017 жылы EXPO Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге үміткер қалалар - Астана мен Льеж өкілдерінің баспасөз мәслихаты өтеді.

  • 20 Қараша 2012
  • 291
Фото - Caravan.kz

Баспасөз мәслихатында елордасы — Астананың атынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, EXPO-2017 көрмесін өткізуге Астана қаласын дайындау мәселелері жөніндегі ұйымдастыру комитетінің басшысы Қайрат Келімбетов сөз сөйлейді, ол еуропалық және қазақстандық журналистердің сұрақтарына жауап беретін болады.

Астанадағы ЕХРО-2017 Орталық Азия өңірінде және ТМД-да өткізілетін алғашқы халықаралық көрме болуы мүмкін. EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығына ие болған мемлекет жөніндегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) шешімі ағымдағы жылдың 22 қарашасында, ХКБ Бас Ассамблеясының 152-ші сессиясында шығарылатын болады. Онда 161 мемлекет жасырын дауыс беру арқылы EXPO-2017 көрмесін өткізуге ие болатын қаланы таңдайды.

ҚазАқпарат бұған дейін хабарлағандай, аталмыш көрмені өткізу құқығын иеленуге Астана мен Белгияның Льеж қаласы үміттенуде.

Қазақстанда Халықаралық EXPO-2017 көрмесі өткізілетін болған жағдайда, Астана әкімдігі жалпы аумағы 113 гектар жерді белгілеп қойды. Олардың 25 гектары — кешеннің өзіне, ал қалған бөліктер көліктер тұрағы мен сыртқы жабдықтауға, сондай-ақ EXPO-қалашығына арналған.

Болашақ EXPO көрмесі аумағының ерекшелігі мен артықшылығы, оның жаңғырмалы энергия көздері арқылы жұмыс істеуінде. Көрменің аумағында — Өмір, Бейбітшілік, Сана, Ғарыш атты 4 тақырыптық павильон орналастырылады.

Соңғы жаңалықтар