Парижде қазақтар мәдениеті мысалында номадтық мәселелері талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парижде қазақтар мәдениеті мысалында номадтық мәселелері талқыланды

Парижде қазақтар мәдениеті мысалында номадтық мәселелері талқыланды

«Номадтық көрінісі. Көшпенділік: қазақ мәдениет мысалында» - Парижде осы тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

  • 10 Ақпан 2012
  • 662
Фото - Caravan.kz

Ғылыми семинар Қазақстан астанасы мен Францияның екі ғалымы — Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Гүлнар Сәрсекеева мен Париж университетінің оқытушысы, әлеуметтанушы және антрополог Ванда Дресслердің бастамасымен өткізілді.

Осы жоғары оқу орындары өкілдерінің ынтымақтастығы 20 жыл бойы жалғасып келеді, алайда әртүрлі пәндер ғалымдары, көшпелі хаықтар мәдениеті бойынша мамандар шақырылған мұндай семинар Парижде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Қазақ әріптестерімен Алтай қорғандарын қазуда көп жыл бірге жұмыс істеген белгілі археолог Анри-Поль Франфорт көшпелі және отырықшы халықтар өнеріндегі сюжеттер таңдау тәсіліне салыстырмалы талдау жасады. Ол нақты мысалдармен осы өркениеттер мәдениеттерінің өзара ықпалына назар аударды.

Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі, белгілі ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов бұл тақырыпты жаһандық тұрғыда кеңінен қаузады. Оның айтуынша, егер кез келген халық тарихын тереңдей қарастырсақ, әртүрлі кездерде барлық халықтар да көшіп-қонып, бір жерден екінші жерге ауысып отырған. Сөйтіп, олардың бірнеше отаны болған. Мұны балаларға мектеп партасынан ұғындыру қажет, оны білу саясатта да маңызды, сонда бір халықтың екіншіден артықшыығы сияқты ұстанымнан бас тартуға болады. О.Сүлейменовтің идеясымен және ЮНЕСКО-ның қамқоршылығымен 2008 жылдан бері әртүрлі құрлықтарда, әртүрлі қалаларда әлем халықтарының қоныстануы, көші-қон тарихы тақырыбында конференциялар өткізілуде.

Француздың шығыс тілдері институтының президенті, моңғол мәдениеті жөніндегі маман Жаг Легран көп жылдардан бері ЮНЕСКО-ның «Ұлы Жібек жолы» миссиясын басқарып келеді. Ол ежелгі әдебиет пен моңғол фольклорында ұқсас сюжеттер мол екеніндігін мысалдармен айтып берді. Легранның пікірінше, номадтық үнемі өзгеріп тұратын табиғи жағдайларда тіршілік ету тәсілі ретінде пайда болған.

Қазақстанның Франциядағы елшілігінің мәдениет мәселелері бойынша кеңесшісі, ақын-аудармашы Мүрсал-Нәби Тұяқбаев тақырыпқа сәйкес қазақ көшпелілерінің 1930-жылдары күштеп отырықшыландырылғаны туралы қазақ ақындарының өлеңдерін француз тілінде оқып берді.

Франкфурт университетінің араб тілі оқытушысы, шығыстанушы Фритц Форкель қлассикалық араб тілін жасаудағы бәдәуилердің рөлі туралы әңгімеледі.

Отырыстың барлық қатысушылары бұл тақырыпты одан әрі жалғастыруға және жаңа ашылымдарға басқа да ғалымдарды тартуға ықылас білдірді.

Перейти к новостям спорта