Парижде Қ.Келімбетов неліктен EXPO-2017 көрмесін Астанада өткізу қажет екенін түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парижде Қ.Келімбетов неліктен EXPO-2017 көрмесін Астанада өткізу қажет екенін түсіндірді

Парижде Қ.Келімбетов неліктен EXPO-2017 көрмесін Астанада өткізу қажет екенін түсіндірді

Парижде 2017 жылы EXPO Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге кандидат қалалар - Астана және Льеж өкілдері жиналған баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов неліктен бұл көрмені Қазақстан астанасында өткізу керектігі жөнінде әңгімелеп берді.

  • 21 Қараша 2012
  • 434
Фото - Caravan.kz

Ол Қазақстан өз тәуелсіздігін 20 жыл бұрын алғанын, және осы жылдары орташа табысы бар тез қарқынмен дамып келе жатқан елге айналып, айтарлықтай жетістікке қол жеткізгенін атап өтті. «Соңғы 15 жылда біздің жыл сайынғы ЖІӨ өсімі 7 пайызды құрады — бұл бүкіл ТМД елдерінің арасындағы үздік нәтиже. Бұл бізге өзіміздің болашағымыз туралы ғана емес, біздің бүкіл әлем алдындағы жауапкершілігіміз туралы ойлауға мүмкіндік берді», — деді Қ.Келімбетов.

Ол Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері Семейдегі ірі ядролық полигонның қызметін тоқтату арқылы ғаламдық жауапкершілікті еңсеретін әлеуетін паш етті деп түсіндіріп өтті. Бұдан басқа, 2010 жылы Астанада ЕҚЫҰ-ның саммиті болып өтті. «Осылайша біз жаһандық қауіпсіздік саласындағы жауапкершілігімізді көрсетудеміз. Басқа сөзбен айтқанда, Қазақстан тек ірі көлемді шараларды өткізіп қана қоймайды, оны ғаламдық қауіпсіздік мәселелері де толғандырады», — деп атап өтті Қ.Келімбетов.

Оның айтуынша, болашақта Қазақстан Мыңжылдықты дамыту және орнықты дамыту мақсаттары аясындағы мәселелерді шешуді көздейді, өйткені бұл идеялар қазақстандық тарапқа жақын болып табылады. «ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Жасыл көпір» бастамасын іске қосты. Соңғы «Рио+20» конференциясында бұл бастама өзінің өзектілігін дәлелдеді. Мәселе «жасыл экономиканы» тек Еуропада ғана емес, бүкіл әлемде дамыту бойынша еуропалық бастама туралы болуда. Астана әлемдегі «жасыл экономиканың» осындай орталығы болуға ниетті», — деп атап өтті ҚР вице-премьері.

Бұдан басқа, маңызды дәлелдер арасында Қ.Келімбетов Қазақстанның Ресей, Қытай және Үндістанмен көршілес екенін атап өтті, бұл 2,5 миллиард адам үшін Астанаға «жасыл экономиканы» дамытуға қатысты пікірлерімен бөлісу үшін сапар жасауға мүмкіндік болады.

Премьер-Министрдің орынбасары қазақстандық «Болашақ энергиясы» ұсынысының тақырыбы тек Қазақстан үшін ғана емес, басқа да көптеген мемлекеттер үшін өзекті және өте маңызды екенін атап өтті. Осыған байланысты Астана EXPO географиясын дамыту мақсатында ТМД аймағында тұңғыш рет көрмені өткізу үшін Льежбен бәсекелестікке түсті.

Естеріңізге сала кетейік, ЕХРО-2017 көрмесінің Астанада өткізілуі Орталық-Азия және ТМД аймағының елдерінде өтетін бірінші халықаралық көрмелер бола алады. Халықаралық көрме бюросының EXPO-2017 көрмесін өткізетін ел туралы шешімі 2012 жылдың 22 қарашасында Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясында шығарылады, мұнда 161 мемлекет құпия дауыс беру жолымен EXPO-2017 көрмесі өткізілетін қаланы анықтайды.

Соңғы жаңалықтар