Париждегі лаңкестіктен кейін Еуропаға ұшудан адамдар жаппай бас тартып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Париждегі лаңкестіктен  кейін Еуропаға ұшудан адамдар жаппай бас тартып жатыр

Париждегі лаңкестіктен кейін Еуропаға ұшудан адамдар жаппай бас тартып жатыр

Франция астанасындағы ушыққан жағдайға байланысты кей жерлестеріміз бұл елге туристік сапармен барудан бас тартты. Осы аптаның өзінде шетелге шығудан қауіптенген 17 жолаушы билеттерін кері өткізген.     

  • 19 Қараша 2015
  • 178
Фото - Caravan.kz

Тілек Әбдірахимов, «Эйр-Астана» АҚ ресми өкілі:

-Париждегі лаңкестік оқиғаларға байланысты олар өздері ұшуға қорқып отыр.  Егер жағдай шиеленісіп кетсе, онда біз басқа да амалдарды қарастырмыз. Мүмкін кестесін өзгертеміз немесе жиілікті төмендетеміз, азайтамыз.

 «Алматы-Астана-Париж» бағыты бойынша ұшуы тиіс болған жолаушылар онда қыдырып барудан қорқып қалған екен. Негізі лаңкестік әрекеттен Еуропаға ұшатындар саны да біршама азайып қалған. Әуе компаниясы енді Парижге баратын бағыттарды қысқартпақ ойда. Отандық әуе қатынасына кері әсер еткен тағы бір мәселе – көрші Ресей өз әуе тасымалдаушылары үшін қауіпті деген елдердің тізімін жариялапты. «Қара тізімге» 47 мемлекетпен қатар Қазақстан да кіріп кеткен. Яғни, біздің елге келіп қонғанда ресейлік әуе компаниялары аса сақтық танытып, тіпті әуежайдан қара судыда сатып алып ішпеуге тиіс екен. Тек Иран, Ирак, Мысыр сынды мемлекеттердің қатарына Қазақстанның да қосылып кетуі Авиация комитетін еш таңдандырмады. Керісінше, қауіпсіздік үшін бұл қажетті шара деп отыр.            

Дархан Қатышев, Азаматтық авиация комитетінің басқарма бастығы:

-Ресейдің бұл әрекеті қалыпты нәрсе. Әуеде лаңкестерден қауіп төнгенде кез-келген мемлекет өз әуе компанияларына сақтауы тиіс қауіпсіздік шараларын айтып отырады.

Соңғы жаңалықтар