Париждегі Олимпиадада Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Париждегі Олимпиадада Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы қайтыс болды

Париждегі Олимпиадада Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы қайтыс болды

Ол Олимпиадаға алматылық спортшылармен бір делегацияда барған еді.

  • 9 Тамыз
  • 11
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Париж Олимпиадасына барған Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин кенеттен көз жұмды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, оның жүрегі тоқтап қалған.

Аталған ақпарат «Чиновник» telegram-каналында пайда болды. Артынша ақпаратты Туризм және спорт министрлігі растады. Е.Хайруллин Алматыдан барған делегацияның құрамында болған. 

Айта кетейік, Ерден Рашидұлы Алматының спортын 2022 жылдың мамыр айынан бері басқарады. Оған дейін  Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.