Париждегі қазақстандық туристерге лаңкестік әрекет болған жерге бармау керектігі туралы айтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Париждегі қазақстандық туристерге лаңкестік әрекет болған жерге бармау керектігі туралы айтылды

Париждегі қазақстандық туристерге лаңкестік әрекет болған жерге бармау керектігі туралы айтылды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті кеше Париждің Елисей алаңында болған атысқа байланысты қазір Францияның астанасында жүрген қазақстандық туристерді қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

  • 21 Сәуiр 2017
  • 270
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті Париждегі қазақстандық туристерге оқиға болған орыннан, сондай-ақ адам көп шоғырланатын жерлерден алыс жүруге, полицейлердің нұсқаулықтарын орындауға кеңес береді. Францияға сапарлар ұйымдастыратын туроператорларға болуы мүмкін қауіптер мен қауіпсіздік талаптары туралы клиенттерді алдын ала ескерту ұсынылады», — делінген таратылған хабарламада.

Еске салайық, 20 сәуір күні кешке Париждің Елисей алаңында атыс болып, салдарынан бір полицей мерт болды, тағы екі адам жарақаттанды.

Бағдаршамдардың бірінде патрульдік автомобильдің жанына көлік тоқтаған. Одан автоматпен қаруланған ер адам шығып, құқық сақшыларына қарсы оқ жаудыра бастаған. Шабуыл жасаған ер адамның көзі жойылды, қазіргі уақытта оның сыбайласы іздестірілуде. Парижге ол Бельгиядан пойызбен келгені хабарлануда. Сондай-ақ оқиға болған жерден өтіп бара жатқан шетелдік турист әйел жарақаттанды.


Франция президенті Франсуа Олланд болған оқиғаны терракті деп атады.