Parker Drilling компаниясы Қазақстанның алдындағы қарызын өтей бастады. Сұңқар бұрғылау баржасы тұтқыннан босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Parker Drilling компаниясы Қазақстанның алдындағы қарызын өтей бастады. Сұңқар бұрғылау баржасы  тұтқыннан босатылды

Parker Drilling компаниясы Қазақстанның алдындағы қарызын өтей бастады. Сұңқар бұрғылау баржасы тұтқыннан босатылды

Каспий теңізіндегі Қашаған кенішінде бұрғылау жұмыстарының мердігері болып табылатын Parker Drilling сервистік компаниясы Маңғыстау облыстық сотының шешімімен Agip KCO халықаралық консорциумымен арадағы келісім-шарты бойынша салық жеңілдіктерін заңсыз пайдаланғаны үшін жүктеген айыппұлды төлей бастады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Маңғыстау облыстық кедендік бақылау департаментінің өкілі хабарлады.

  • 11 Қараша 2004
  • 743
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, биылғы жылдың 23-қазанында компания 230 млн. теңге (1,6 млн. доллар) көлеміндегі айыппұлды төледі, сондай-ақ, 582 млн. теңге көлеміндегі (4,3 млн. доллар) кедендік алымдардың жартысын өтеп берді.

Сондай-ақ, ақпарат көзінің хабарлауынша, компания кедендік алымдардың қалған бөлігін төлеуге келіспей отыр, соған байланысты таяу уақыттарда осы мәселе бойынша сотқа шағым түсірмекші.
Кедендік бақылау департаменті өкілінің айтуынша, Parker Drilling компаниясынан төлем тапсырмалары келіп түсе бастауына байланысты Сұңқар бұрғылау баржасы тұтқыннан босатылып, барлық шектеулер алынды. Жуырда Сұңқар бұрғылау қондырғысы Каспийдегі бұрғылау жұмыстарын жалғастыру үшін Баутино айлағынан буксирмен шығарылды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Agip KCO консорциумы мен Parker Drilling сервистік компаниясы арасындағы келісім-шартқа 1999-жылы қол қойылған. Шарт мерзімі 2003-жылдың ақпан айында аяқталуына байланысты Маңғыстау облыстық кеден мекемелері Сұңқар бұрғылау баржасын солтүстік Каспийдегі Баутино айлағына сүйреп апарған. Келісім-шарт мерзімі мен салық жеңілдіктерін пайдалану құқығының аяқталуына байланысты Маңғыстау облыстық соты 2004-жылдың ақпан айында Parker Drilling сервистік компаниясына мемлекеттік кіріске 582 млн. теңге (4,3$) кедендік алым мен 230 млн. теңгенің (1,6 млн.$) айыппұлын төлеуді міндеттеген.

Перейти к новостям спорта