«Бұл түйткілдің дер кезінде әрі бейбіт жолмен шешілуі тараптардың қай-қайсысының да мүддесіне сәйкеседі деп білеміз»,- деді Р.Паркер. Оның айтуынша, «Қазақстан мен осы ел азаматтарының алдында жүктеп алған біздің міндеттемемізді ұзақ жылғы жұмыспен ақтай аламыз. Әрі бұл жұмысқа жегілгендердің 80 проценті Қазақстан азаматтары».
Сондай-ақ, «біздің тәжірибеміз бен технологияларымызды аталмыш ауданның әлеуетін жүзеге асыруға пайдаланудың бұдан басқа да мүмкіндіктерін біз асыға күтеміз»,- деді Р.Паркер.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Agip KCO консорциумы мен Parker Drilling сервистік компаниясы арасындағы келісім-шартқа 1999-жылы қол қойылған. Шарт мерзімі 2003-жылдың ақпан айында аяқталуына байланысты Маңғыстау облыстық кеден мекемелері Сұңқар бұрғылау баржасын солтүстік Каспийдегі Баутино айлағына сүйреп апарған. Келісім-шарт мерзімі мен салық жеңілдіктерін пайдалану құқығының аяқталуына байланысты Маңғыстау облыстық соты 2004-жылдың ақпан айында Parker Drilling сервистік компаниясына мемлекеттік кіріске 582 млн. теңге (4,3$) кедендік алым мен 230 млн. теңгенің (1,6 млн.$) айыппұлын төлеуді міндеттеген. Алайда, бұл қаржы күні бүгінге дейін төленбей отыр. Сөйтіп, Parker Drilling сервистік компаниясына 2004-жылдың тамыз айына дейін Қазақстанға 812 млн. теңге төлеу туралы шарт қойылды. Қарыз өтелмеген жағдайда компанияның мүлкі мен есепшоты тұтқындалып, баржа сатылады.
Қазір американдық Parker Drilling сервистік компаниясы Қазақстанда «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) және «Теңізшевройл» (ТШО) компанияларымен бірлесе жұмыс жүргізуде.