Парламент "2003-жылғы республикалық бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент "2003-жылғы республикалық бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бекітті

Парламент "2003-жылғы республикалық бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бекітті

KZ-today тілшісінің Астанадан хабарлауынша, бүгін, 2-маусымда өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында халық қалаулылары "2003-жылғы республикалық бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бекітті.

  • 2 Маусым 2003
  • 486
Фото - Caravan.kz

Заңды бекітуді қолдап 64 мәжіліс депутаты , сенаттың 34 депутаты дауыс берді. Мәжілістің 3 депутаты заңды бекітуге қарсылық білдірген.

2003-жылғы республикалық бюджет мынадай көрсеткіштермен қабылданды :
бюджеттің кіріс бөлігі 710,2 млрд. теңге , шығыс бөлігі 793 млрд.теңге , ал бюджет тапшылығы 82,8 млрд. теңге көлемінде бекітілді .
Республикалық бюджеттің шығыс бөлігінен 19,4 миллиард теңге зейнетақы бағдарламасын жүзеге асыруға, ал 45,7 миллиард теңге даму институттарын құруға жұмсалады.
Бекітілген заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.