Парламент 2004-жылғы республикалық бюджет жобасын бірінші оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент 2004-жылғы республикалық бюджет жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Парламент 2004-жылғы республикалық бюджет жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Бүгін, 26-қарашада парламент палаталарының бірлескен отырысында халық қалаулылары 2004-жылғы республикалық бюджет жобасын бірінші оқылымда мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Қараша 2003
  • 377
Фото - Caravan.kz

Бұл шешімді сенаттың 33 депутаты мен мәжілістің 62 депутаты қолдап дауыс берсе, мәжілістің 4 депутаты қарсы дауыс берді, бір мәжіліс депутаты қалыс қалды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылғы республикалық бюджеттің түсімі 862,2 млрд. теңгені, бюджет шығыны 954,8 млрд. теңгені, республикалық бюджеттің дефициті 92,7 млрд. теңгені , немесе Ішкі Жалпы Өнімнің 1,9 процентін құрайды деп жоспарланды.
2004-жылы Ішкі Жалпы Өнім 4,877 трлн. теңге көлемінде болжанып отыр. Бұл 2003-жылғы жоспардан 500 млрд. теңгеге немесе 7 процент артық. 2004-жылғы тұтыным құнының индексі 5,4 процент деңгейінде, ал теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 153,3 теңгені құрамақ .

Соңғы жаңалықтар