Парламент 2004-жылғы республикалық бюджетке енгізілетін түзетулерді екінші оқылымда қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-20 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент 2004-жылғы республикалық бюджетке енгізілетін түзетулерді екінші оқылымда қабылдады

Парламент 2004-жылғы республикалық бюджетке енгізілетін түзетулерді екінші оқылымда қабылдады

Бүгін, 4-маусымда Астанада өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында 2004-жылғы республикалық бюджетке енгізілетін түзетулер екінші оқылымда қабылданды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Маусым 2004
  • 409
Фото - Caravan.kz

Бұл шешімді сенаттың 33, мәжілістің 58 депутаты қолдап дауыс берді. Мәжілістің бір депутаты қарсы дауыс берсе, мәжіліс пен сенаттың бір-бір депутаты қалыс қалды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылғы республикалық бюджет мынадай көрсеткіштермен қабылданды : жалпы түсімдер көлемі 934,3 млрд. теңге (Жалпы Ішкі Өнімнің 18,4 проценті), бюджет шығындары 1 027 млрд. теңге. Бюджет тапшылығы 92,7 млрд. теңге мөлшерінде жоспарланды.