Отырысқа мәжілістің 66, сенаттың 31 депутаты қатысып отыр. «Қажетті кворум қалыптасты» ,- деді парламент палаталарының бірлескен отырысын ашқан мәжіліс спикері Орал Мұхамеджанов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005 жылы республикалық бюджетке түсетін түсімдердің жалпы көлемі 1 135,8 млрд. теңге, шығыстар 1 223,6 млрд. теңге болмақ. Тапшылық 87,750 млрд. теңге немесе ЖІӨ-нің болжанып отырған деңгейіне 1,5 % мөлшерінде ұйғарылып отыр. 2005-жылғы Жалпы ішкі өнім 5850 млрд. теңге болмақ.