Бюджет мынадай көрсеткіштермен мақұлданды: 2005 жылы республикалық бюджет кірісінің жалпы көлемі үкімет ұсынған 1 трлн. 123 млрд. теңгеден (ЖІӨ-ге шаққанда 19,2 проценттен) 1 трлн. 128 млрд. теңгеге дейін (ЖІӨ-нің 19,3 процентіне дейін) арттырылды. Ал 2005-жылға арналған республикалық бюджеттің шығыс бөлігі 1 трлн. 223 млн. теңгенің орнына (ЖІӨ-нің 20,9 проценті) 1 трлн. 242 млн. теңгені (ЖІӨ-нің 21 проценті) құрайды. Бюджет тапшылығы 87,750 млрд. теңге немесе ЖІӨ-нің болжанып отырған деңгейіне 1,5 % мөлшерінде емес, 101,4 млрд. теңге немесе ЖІӨ-нің 1,7 проценті мөлшерінде ұйғарылды.
«2005-жылға арналған республикалық бюджет туралы» заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.