Парламент 2005-жылғы бюджетке енгізілетін түзетулерді 6-мамырда алғашқы оқылымда қарайды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент 2005-жылғы бюджетке енгізілетін түзетулерді 6-мамырда алғашқы оқылымда қарайды

Парламент 2005-жылғы бюджетке енгізілетін түзетулерді 6-мамырда алғашқы оқылымда қарайды

6-мамырда республика парламентінің қос палатасының бірлескен отырысы болады. Осы жөніндегі бұйрыққа ҚР парламенті мәжілісінің жетекшісі Орал Мұхамеджанов қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Сәуiр 2005
  • 496
Фото - Caravan.kz

Парламенттегі ақпарат көзінің хабарлауынша, бірлескен отырыста депутаттар «2005-жылғы республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын алғашқы оқылымда қарамақшы.

Бүгін, 27-сәуірде 2005-жылғы бюджетке енгізілетін түзетулерді мәжіліс депутаттары талқылауда. Парламенттің бірлескен отырысына дейін заң жобасын сенат депутаттары да сарапқа салуы тиіс.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заңға енгізілгелі отырған түзетулерге сәйкес бюджеттің кіріс бөлігін 108,1 млрд. теңгеге ұлғайтып, 1 трлн. 249 млрд. теңгеге, шығыс бөлігін 120,4 млрд. теңгеге ұлғайтып, 1 трлн. 362,7 млрд. теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Бюджет тапшылығын 12,1%-ке 113,7 млрд. теңгеге дейін арттыру межеленді.
Нақтыланған макроэкономикалық көрсеткіштерге сәйкес, 2005-жылғы Жалпы Ішкі Өнім мөлшері 6,58 трлн. теңге болмақ. Жылдық орташа инфляция 5-7% аралығында болжанған. Теңгенің АҚШ долларына шаққандағы жылдық орташа нақтыланған бағамы 130 теңге болмақ. Әлемдік нарықтағы brent маркалы мұнай бағасы бір барреліне 42 долларды құрайды деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта