Парламент 2007-жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын алғашқы оқылымда қарауға кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент 2007-жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын алғашқы оқылымда қарауға кірісті

Парламент 2007-жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын алғашқы оқылымда қарауға кірісті

АСТАНА. 7-қараша. Kazakhstan Today. Астанада "2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда қарайтын парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 7 Қараша 2006
  • 435
Фото - Caravan.kz

Отырысқа мәжілістің 64, сенаттың 36 депутаты қатысып отыр. «Қажетті кворум қалыптасты», деді отырысты ашқан мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, құжатқа сәйкес, Жалпы ішкі өнім 11 трлн. 880 млрд. теңге көлемінде болжанып отыр. Бұл ағымдағы жылғыдан 8,6 процент артық. Тұтыным бағаларының индексі жылына орта есеппен 5-7 процент, теңге бағамы бір долларға шаққанда 116 теңге болмақ.

2007-жылғы республикалық бюджет түсімдері 1 трлн. 982 млрд. теңге, немесе, Жалпы ішкі өнімнің 16,7 процентіне тең; шығындар 2 трлн. 17 млрд. теңге, республикалық бюджеттің тапшылығы 133,1 млрд. теңге немесе Жалпы ішкі өнімнің 1,1 процентіне тең болмақ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта