Парламент "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын қабылдады

Парламент "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын қабылдады

Астана. 26 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасына сенат енгізген түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 26 Қараша 2008
  • 515
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бюджет бағдарламалары орта мерзімді келешекке болжанған бюджет ресурстары көлемі шамасында, әлеуметтік-экономикалық саясаттың ұзақ мерзімдік басымдықтарын жүзеге асыруға бағытталған республикалық бюджет бағдарламалары әкімшіліктерінің стратегиялық жоспарларына сәйкес нақты нәтижелерге қол жеткізуге тікелей байланысты жүзеге асырылады.

Заң жобасын сенатта талқылау барысында шағын және орта бизнес шығыстарын қолдауға, аймақтардағы инфрақұрылымдарды көркейтуге, әлеуметтік тұрғын үй құрылысы, бюджет саласындағы еңбекақыларды ұлғайтуға, басым жобалар құрылысы мен жаңғырту тізіміне білім беру және денсаулық сақтау салаларының жаңа нысандарын қосу, ауыз сумен, ауылды газбен қамтамасыз ету, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары құрылысы шығындарына қатысты қызу талқылаулар болды.

Депутаттар мен тұрақты комитеттердің ұсыныстары мен ескертпелерін іріктеу барысында салыстырмалы кестеге жалпы сомасы 387,8 миллиард теңге болатын шығысты ұлғайту жөніндегі 191 ұсыныс пен ескерту енгізілді.

Әлемдік қаржы дағдарысының теріс әсері жағдайында еліміздің макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 2009 жылы республикалық бюджет түсімдерін 301 миллиард теңге, 2010 жылы 444,1 миллиард теңге, 2011 жылы — 508,9 миллиард теңгеге азайту ұсынылып отыр.

Бюджеттің шығыстарын 2009 жылы 268,7 миллиард теңге, 2010 жылы 411,8 миллиард теңге қысқарту, жоспарланған мерзімдегі дефицитті 32,3 миллиард теңге сомасына ұлғайту көзделіп отыр.

Ұсынылған өзгерістердің нәтижесінде республикалық бюджеттің түсімдер жөніндегі көрсеткіштері 2009 жылы — 2 860,9 миллиард теңге, 2010 жылы — 3 198,5 миллиард теңге, 2011 жылы — 3 477,5 миллиард теңгені құрайтын болды, ол 2008 жылы нақтыланып болжанғаннан төмен, 2009 және 2010 жылдары тиісінше 476,3 миллиард теңге және 138,6 миллиард теңге, ал 2011 жылы 2008 жылға қарағанда 140,4 миллиард теңгеге ұлғайды.

Республикалық бюджеттің шығыстары 2009 жылы 3 432,2 миллиард теңгені құрайды, ол 2008 жылға жоспардан 239,3 миллиард теңгеге, 2010 жылы 3 856,4 миллиард теңге және 2011 жылы — 3 992,5 миллиард теңге аз.

Бюджет дефициті 2009 жылы 571,4 миллиард теңгені немесе Жалпы ішкі өнімнің 3,4 пайызын, 2010 жылы — 657,8 миллиард теңге немесе ЖІӨ-нің 3,5 пайызын, 2011 жылы — 514,9 миллиард теңгені немесе ЖІӨ-нің 2,4 пайызын құрайды.

Заң жобасының мәтіндік бөлігіне зейнетақы жинақтаушы қорлары мен зейнетақы жарналарына, зейнетақы алу барысында инфляция деңгейіне сай есептелуіне қатысты жаңа бап енгізу туралы ұсыныс жасалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар