Парламент 2010 жылғы республикалық бюджетті орындау туралы үкіметтің және есеп комитетінің есебін қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент 2010 жылғы республикалық бюджетті орындау туралы үкіметтің және есеп комитетінің есебін қабылдады

Парламент 2010 жылғы республикалық бюджетті орындау туралы үкіметтің және есеп комитетінің есебін қабылдады

ҚР Парламентінің мәжілісі мен сенаты дүйсенбі күні палаталардың бірлескен отырысында үкімет пен республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (ЕК) 2010 жылғы бюджетті орындау туралы есебін бекітті.

  • 20 Маусым 2011
  • 533
Фото - Caravan.kz

Қаржы министрі Болат Жәмішев үкіметтің есебін таныстыру барысында мәлімдегендей, 2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, үкіметтің қарызы Т2 трлн 220 млрд немесе ЖІӨ-нің 11,5% құрады.

2010 жылғы бюджетті орындау қорытындысы бойынша, қарыз алуды есептемегенде, республикалық бюджет түсімдерінің жоспары 106%-ға немесе Т3 729,2 млрд сомада орындалды, соның ішінде кірістер Т3 626,2 млрд құрады немесе 6,2%-ға асыра орындалды және негізінен салық түсімдерімен қамтамасыз етілді, олардың жалпы көлемдегі үлесі 55,9% құрайды.

Министрдің мәліметтеріне сәйкес, Ұлттық қордың активтері 2010 жылы Т2 407,7 млрд-қа толығып, 2011 жылдың 1 қаңтарында Т5 704,4 млрд құрады. Ішкі және сыртқы қарыздарды өтеуді есепке алмағанда, 2010 жылғы шығыстар 99,1%-ға немесе Т4 284,0 млрд сомада орындалды.

Республикалық бюджеттік бағдарламалардың 41 әкімшісінің 15-і бюджет қаржысын 100%-ға орындауға қол жеткізді. 99% деңгейге 10 әкімші қол жеткізе алмады.

Есеп комитеті 2010 жылғы республикалық бюджетті орындау кезінде бірқатар бұзушылықтар анықтады. Мысалы, ЕК төрағасы Омархан Өксікбаевтың мәліметтеріне сәйкес, «қарыздың жалпы сомасында сыртқы займдардың үлесі 2008 жылғы 2,5%-дан 2010 жылы 25%-ға дейін артқаны байқалып отыр, осылайша мемлекеттің сыртқы қарызының өсуіне алып келді».

Сондай-ақ, ведомство Кеден одағы шеңберінде кедендік әкімшілендіру кезінде бірқатар бұзушылықтарды анықтады.

ЕК мәліметтеріне сәйкес, Қазақстаннан тауарларды шығару кезінде экспорттық кедендік баж салықтарын төлеуден жалтару әдістерінің бірі «оларды еркін сауда аймақтарына шығарып, ары қарай кедендік баж салығы салынбайтынс алыс шетелдерге реэкспорттай» болып отыр.

О. Өксікбаев депутаттарды Қазақстанның квазимемлекеттік секторының тиімсіздігі мен шығындылығына назар аударуға шақырды.

Мысалы, соңғы үш жылда республикалық бюджеттің кірісіне АҚ мен ЖШС-терден Т41,9 млрд көлемінде дивиденділер түскен, бұл бюджетке түсімдердің жалпы көлемінің небәрі 0,3%-ын құрайды.

ЕК басшысы қазақстандық кәсіпкерлер салық төлеуден жалтару үшін банкроттық процедурасын пайдаланатынын айтты.

2010 жылы 2 мыңнан аса салық төлеуші банкрот деп танылды, олардың салық бойынша қарызы Т80,0 млрд құрады, оның бюджетке небәрі 0,4% ғана төленді.

Сондай-ақ, салықтық әкімшілендірудің тиімділігін бақылау барысында банкрот деп танылған салық төлеушілердің атынан есепшот-фактуралардың ҚҚС бойынша қосуға және ККС бойынша алуға жатқығу есебінен салық міндеттемелерін азайту амалы анықталған. ЕК төрағасының пікірінше, бұл бюджетке тікелей жоғалтулар әкеледі.

Соңғы жаңалықтар