Парламент "2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент "2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңды қабылдады

Парламент "2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңды қабылдады

Парламент мәжілісі сәрсенбіде планарлы отырыста "2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасына сенат енгізген түзетулермен келісті, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" тілшісі.

  • 14 Қараша 2012
  • 433
Фото - Caravan.kz

Сонымен, құжат парламент тарапынан тұтас алғанда қабылданған болып саналады, ол елбасына қол қоюға жіберілді.

Өткен аптада сенат пленарлы отырыста бұл заң жобасын қарап шығып, түзетулер енгізіп, мәжіліске қайтарған болатын.
Сонда сенат депутаты, қаржы және бюджет жөніндегі комитет төрағасы Рашит Ахметовтың хабарлауынша, комитеттің кеңейтілген отырысында 2013 жылы 337 млрд теңге сомасына, 2014 жылы 156 млрд теңге сомасына, 2015 жылы 43 млрд теңге сомасына қосымша қаржыландыру туралы депутаттардан және сенаттың комитеттерінен түскен 230 ұсыныс қаралған.
Қаржы министрі Болат Жәмішев атап өткендей, депутаттардың ұсыныстары 2013 жылы үкіметтің резерв көлемін 40,9 млн теңгеге азайту есебінен, 2014-2015 жылдары жаңа бастамаларды қысқарту есебінен жүзеге асырылмақ.
Алдында хабарланғандай, республикалық бюджет дефициті 2013 жылы — 785,2 млрд теңге болмақ, немесе ІЖӨ 2,1%; 2014 жылы — 758,9 млрд теңге, немесе ІЖӨ 1,8%; 2015 жылы — 735,8 млрд теңге, немесе ІЖӨ 1,5%.
Бюджеттің бағыты әлеуметтік болмақ: әлеуметтік шығындардың үлесі 2013 жылы жалпы шығындардың 39% құрамақ, 2014 жылы — 40,1%, 2015 жылы — 39,7%.

Соңғы жаңалықтар