Сөйтіп, заң қабылданды деп танылып, мемлекет басшысының қол қоюына жолданды.
Сенаторлар заң жобасынан агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамыту жай-күйі туралы үкіметтің жыл сайын парламентке міндетті түрде есеп беріп отыруы туралы норманы алып тастау ұсынылған. Өйткені, бұл — Конституцияға қайшы.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасының мақсаты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекелестік қабілетін арттыруға жағдай жасау, ауылдық аумақтарды кешенді дамытуға және ауыл тұрғындарына қалыпты тіршілік ету мүмкіндігін тудыруға бағытталады.
Заң жобасы агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамытуға басымдық беруді құқықтық тұрғыда қамтамасыз етуді реттеуге, мемлекеттік қолдау шаралары мен түрлі деңгейдегі мемлекеттік мекемелердің құзыретін реттеуге бағытталады.
Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекет тарапынан қолдаудың заңда көрсетілген бағыттарын қаржымен қамтамасыз ету мәселелері саланы дамытудың алдағы жылға арналған тұжырымдамасы мен Бюджеттік кодекс талаптарына сәйкес жыл сайын қаралатын болады.
Заң жобасын жүзеге асыру нәтижесінде ауылшаруашылығы өнімдері мен оларды өңдеу өнімдерінің сапасы мен өнім мөлшерін арттыру көзделуде. Сонымен бірге заң жобасындағы ережелер ауылшаруашылығы саласына Қазақстанынң Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өту жағдайына бейімделуге жәрдемдеседі деп күтілуде.