Парламент Аралдағы экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Аралдағы экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Парламент Аралдағы экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Бүгін, 10-желтоқсанда өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Аралдағы экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы" заңның жобасын мақұлдап, "Аралдағы экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" ҚР заңының кейбір баптарының жұмысын тоқтату туралы" ҚР Заңы күшін жойды деп тану туралы шешім шығарды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 10 Желтоқсан 2004
  • 950
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл заң жобасына енгізілген өзгерістерге сәйкес жай жеңілдіктер алып тасталды. Бұған дейін аталмыш жеңілдіктер ай сайын төленетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақыға өзгертілген болатын.

Сонымен бірге үкімет Арал аймағының тауқыметтерін кешенді шешу жөніндегі 2004-2006-жылдарға арналған бағдарлама жобасы жасап, жүзеге асыра бастады. Бағдарлама аясында мектептер, ауруханалар, сумен қамтамасыз ету нысандарын салу мен аймақтағы ахуалды жақсартуға бағытталған басқа да бірқатар әлеуметтік және экологиялық шаралар қарастырылған.
Бүгінгі жалпы отырыста депутаттар аталмыш бағдарламаға 2005-жылдың 1-маусымына дейін өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобын құруды үкіметке жүктейтін қаулы қабылдады. Сондай-ақ, депутаттар Ақтөбе және Қызылорда облыстарының әкімдеріне «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға сәйкес экологиялық апат пен экологиялық дағдарыс аймағында тұратын табысы аз азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шығыстар үлесін 5-10 пайызға дейін азайту арқылы тұрғын үй көмегін көрсетуді ұсынды.

Перейти к новостям спорта