Парламент Ауғанстанмен өзара ынтымақтастық негіздері туралы келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент  Ауғанстанмен өзара ынтымақтастық негіздері туралы келісімді бекітті

Парламент Ауғанстанмен өзара ынтымақтастық негіздері туралы келісімді бекітті

Бүгін, 23-қарашада өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасы мен ауыспалы Ауғанстан Ислам республикасы арасындағы өзара қарым-қатынас және ынтымақтастық негіздері жөніндегі келісімді бекіту туралы" заңды қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Қараша 2005
  • 378
Фото - Caravan.kz

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, келісімнің мақсаты — «екі жақты ынтымақтастықты дамытуға құқықтық негіз қалыптастыру» болып табылады. «Келісімді жүзеге асыру — екі ел арасындағы өзара түсіністік пен тиімді ынтымақтастықты нығайтуға, Ауғанстан мен жалпы осы аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтауға септігін тигізеді»,- делінген қорытындыда.

Келісімде БҰҰ, Ислам конференциясы ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі келісім ұйымдары шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайту қарастырылған.
Келісім 2004-жылдың 15-сәуірінде Астанада хатталды.

Перейти к новостям спорта