Парламент БЭК Зияткерлік меншік жөніндегі үйлестіру кеңесін құруды көздейтін заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент БЭК Зияткерлік меншік жөніндегі үйлестіру кеңесін құруды көздейтін заңды қабылдады

Парламент БЭК Зияткерлік меншік жөніндегі үйлестіру кеңесін құруды көздейтін заңды қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында бірыңғай реттеу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады.

  • 9 Маусым 2011
  • 482
Фото - Caravan.kz

Аталған келісім 2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеу қаласында жасалған. Құжат бірыңғай экономикалық кеңістіктің құқықтық базасын қалыптастыратын халықаралық құжаттардың бірі болып табылады.

Сондай-ақ, заң жобасы ұлттық заңнамамен қорғалатын Зияткерлік қызметтің нәтижелерімен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді дараландыру құралдарын сақтау және қорғау саласындағы реттеу қағидаттарын біріздендіруге бағытталады.

Келісімге қатысушы мемлекеттердің ведомстволары арасында Зияткерлік меншікті сақтау және қорғау саласындағы үйлестіру, ақпараттық-техникалық ынтымақтастық функцияларын жүзеге асыру мақсатында тараптар тұрақты негізде жұмыс істейтін институционалдық тетік — бірыңғай экономикалық кеңістіктің Зияткерлік меншік жөніндегі үйлестіру кеңесін құруды көздейді.

Парламент қабылдаған заң Елбасының қол қоюына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар