Парламент бірқатар конституциялық заңдарға енгізілетін нақтылау сипатындағы түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент бірқатар конституциялық заңдарға енгізілетін нақтылау сипатындағы түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады

Парламент бірқатар конституциялық заңдарға енгізілетін нақтылау сипатындағы түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады

АСТАНА. 29-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар "Кейбір конституциялық заңдарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы жүйесін Конституция нормаларына сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заңның жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 29 Қыркүйек 2006
  • 396
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан президенті туралы» және «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңдарға өзгерістер енгізіледі және олар нақтылау сипатында, деді аталмыш заң жобалары бойынша тең баяндамашы, мәжіліс депутаты Сергей Бояркин.

«Түзетулерді қабылдау «Парламент туралы» конституциялық заң нормаларын парламенттің тұрақты комитеттері мен комиссиялары қабылдайтын актілердің формасына қатысты екіұшты түсініктеме беруден жалтаруға мүмкіндік берумен бірге қазір пайдаланылмайтын «заңды күшіне ие болу» атты терминологияны алып тастауға жол ашады. Ал «Президент туралы» заңда мемлекет басшысының заң жобасын шұғыл қарау қажеттігін жариялау құқығы туралы нақты көрсетуге мүмкіндік береді.

«Кейбір конституциялық заңдарға Қазқстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы жүйесін Конституция нормаларына сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» конституциялық заңның жобасы екінші оқылымда 24-қарашада қаралады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта