Парламент палаталарының бірлескен отырысында бұл шешімді мәжілістің 73, сенаттың 36 депутаты қолдап дауыс берді. Бір адам қалыс қалды.
Д.Ахметов 1954-жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Павлодар индустриалдық институтын тәмамдаған, мамандығы — құрылысшы-инженер, экономика ғылымдарының кандидаты. 1993-1997-жылдар аралығында Павлодар облысының әкімі, 1997-99 жылдарда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі, 1999-жылдың қазан айынан 2000-жылдар аралығында ҚР үкімет басшысының орынбасары орынтағында өнеркәсіп, энергетика, ауылшаруашылығы, көлік және коммуникация, көші-қон және демографиялық саясат мәселелерін жауаптанды. 2000-жылдың желтоқсан айынан 2001-жылдың қарашасы аралығында ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары болды. 2001-жылдың қараша айынан бері Павлодар облысының әкімі қызметін атқарды.