Парламент депутаттары америкалық тауық еті мен украиналық кәмпиттерді Қазақстанға әкелуге шектеу қою жөнінде үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент депутаттары америкалық тауық еті мен украиналық кәмпиттерді Қазақстанға әкелуге шектеу қою жөнінде үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады

Парламент депутаттары америкалық тауық еті мен украиналық кәмпиттерді Қазақстанға әкелуге шектеу қою жөнінде үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады

Астана. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Парламент депутаттары "америкалық тауық еті мен украиналық кәмпиттерді Қазақстанға әкелуге шектеу қою керек" деген мәселе көтеріп үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 19 Қыркүйек 2008
  • 646
Фото - Caravan.kz

Депутат Майра Айсинаның айтуынша, америкалық тауықтың етінен генетикалық мутацияның нышандары табылған және өзі организмді тез қартайтатын көрінеді. Тауық етіне құмар біздің замандастарымыздың біразынан бұл процесті байқауға болады. Бізге байқалмаса, келесі ұрпақтың денсаулығына «Буштың сирағы» өте қауіп төндіреді. Оның адам ағзасына қауіпті екенін орыс ғалымдары баяғыда-ақ дәлелдеп, Ресей үкіметі бағасына қарамай «Буштың сирағынан» бас тартты.

«Бізге жөнелтетін тауықтың сан етін өздері жемейді. Өйткені онда ауыр металлдар, улы заттар бар. Сондықтан өздері жемейтін тауықты арзан бағамен бізге экспорттайды. Екіншіден, «арзан» еттің астында үлкен саяси-экономикалық астар жатыр. Арзан бағамен ет беріп, біздің шаруашылықтарды құлдыратуға болады. Біздің шаруашылықтар құрдымға кеткенде, тауық етінің бағасы күрт өседі. Мәселен, былтыр шетелдік тауық етінің бағасы 150 теңге болса, бүгін базарда 300 теңге. Арзан түгі жоқ, қайта өзімізде шығатын ет арзанырақ болып отыр», — дейді ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Қадыржан Молдажанов.

Кәмпит мәселесіне келсек те, осындай жағдай. «Украиндықтардың мақсаты — алдымен арзан бағамен кәмпиттерін үйіп тастап, Қазақстандағы кәмпит фабрикаларын тұншықтыру. Біздің кондитерлік фабрикаларымыз қарқынын азайтқан кезде өз өнімдеріне бағаны көтере бастайды. Сөйтіп, Қазақстан нарығын ақырындап жаулап алу»,- дейді халық қалаулылары.
Олар талқыға салған осы мәселелер туралы Индустрия және сауда министрлігі мен премьер-министрге құлаққағыс жолдау жөнелтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар