Парламент депутаттары бюджеттің орындалуы туралы үкіметтің есебін тыңдауға үкімет басшысының өзі қатысуын талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент депутаттары бюджеттің орындалуы туралы үкіметтің есебін тыңдауға үкімет басшысының өзі қатысуын талап етті

Парламент депутаттары бюджеттің орындалуы туралы үкіметтің есебін тыңдауға үкімет басшысының өзі қатысуын талап етті

АСТАНА. 20-маусым. Kazakhstan Today. Парламент депутаттары 2005-жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы үкіметтің есебін тыңдауға үкімет басшысы Даниал Ахметовтың өзі қатысуын талап етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 20 Маусым 2006
  • 358
Фото - Caravan.kz

“Егер біз 2005-жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы үкіметтің есебін тыңдағымыз келсе, онда бізге үкімет басшысының өзі келіп есеп беруге тиіс“,- деді бүгін өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында мәжіліс депутаты Амангелді Таспихов.

Отырысқа үкімет басшысын шақыру туралы ұсынысты басқа депутаттар да қолдады. “Біз отырыс барысында үзіліс жариялап, үкімет басшысын шақыруымыз қажет“,- деді мәжіліс депутаты Рауан Шаекин.

Бұл ұсыныс үшін сенаттың 25, мәжілістің 53 депутаты дауыс берді.

Отырыста 30 минуттық үзіліс жарияланды.

Перейти к новостям спорта