Парламент депутаттарының УК 161/4 түзету мекемесіне жасаған сапары осындағы карантиндік шаралармен тұспа-тұс келді - Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент депутаттарының УК 161/4 түзету мекемесіне жасаған сапары осындағы карантиндік шаралармен тұспа-тұс келді - Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы

Парламент депутаттарының УК 161/4 түзету мекемесіне жасаған сапары осындағы карантиндік шаралармен тұспа-тұс келді - Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы

Парламент депутаттарының УК 161/4 түзету мекемесіне жасаған сапары осындағы карантиндік шаралармен тұспа-тұс келді. Сол себепті депутаттар колония аумағына жіберілген жоқ. Бұл туралы бүгін, 1-қазанда өткен мәжілістің жалпы отырысында палатаның бірқатар депутаттары қол қойған депутаттық сауалға жауап беру барысында ҚР әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы

  • 1 Қазан 2003
  • 562
Фото - Caravan.kz

Нұрлан Смағұлов хабарлады.

Оның айтуынша, 6-тамызда колонияның дәрігерлік бөлімшесіне бірнеше тұтқын көмекке жүгінген. Олар күрделі ішек инфекциясын жұқтыруы мүмкін деген күдік бар. «Мекемеде жұқпалы аурулардың таралуына тосқауыл қоюға бағытталған шектеу шараларының қолданылу себебі осыда»,- деді Н.Смағұлов. Атап айтсақ, «ҚР азаматтарының санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі жөніндегі» заңның 11-бөліміне сәйкес, УК 161/4 түзету мекемесі бастығының бұйрығы бойынша 7-тамыз күнгі 14 сағаттан бастап мекемеде карантин жарияланған»-деді ол. Осындай ахуалға байланысты «колонияда қамауда отырғандардың туыс-туғандарымен жүздесуіне, мекеме жұмысына тікелей қатысы жоқ адамдардың оған келуіне тыйым салынған»,- деді өз түсініктемесінде Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы.
Оның айтуынша, УК 161/4 мекемесінің аумағындағы карантин мерзімі 15-тамызда аяқталған. «Менің қарамағымдағы қызметкерлер тарапынан заң бұзу дерегі әшкереленген жоқ»,- деп атап көрсетті Н.Смағұлов.
2003-жылдың 4-қыркүйегінде мәжіліс депутаттары Төлен Тоқтасынов пен Серікболсын Әбділдин ҚР әділет министрі Оңалсын Жұмабековтың атына депутаттық сауал жолдап, онда былай деп мәлімдеген болатын : «Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері парламент депутаттарының ҚР Қылмыстық атқару Кодексінің 21-бабында көрсетілген құқығын өрескел бұзды. Онда ҚР парламентінің депутаттары жазалаушы мекемелерге арнаулы рұқсатсыз кіре алады деп көрсетілген»,- деп жазған болатын.

Соңғы жаңалықтар