Заң жобасының басты мақсаты — экологиялық аудитті жүзеге асырудың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындау болып табылады.
Заң жобасында экологиялық аудит ұғымы мен оның мақсаттары нақтыланған. Мәселен, экологиялық тәуекелдерді айқындап бағалау, қоршаған ортаға нұқсан келтіру мүмкіндіктерін айқындап бағалау, сондай-ақ, экологиялық қауіпсіздікке қатысты нұсқаулардың деңгейін арттыру үшін экологиялық аудит қажет.
Заң жобасына сәйкес, қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы мекемеге аудиторларды аттестациядан өткізу және экологиялық аудиттің міндетті түрде қажеттігін айқындау функциялары қоса жүктелді.
Қоршаған ортаға нұқсан келтіру, кәсіпорындар жұмысының экологиялық қауіпсіздігін арттыру, кәсіпорынды қайта құру және банкроттыққа ұшырау тәрізді шектеулі жағдайларда ғана міндетті түрде экологиялық аудит жүзеге асырылады.
Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.