Парламент экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарды тексеру құқығын қаржы полициясы мекемелерінің қарамағына беру туралы заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарды тексеру құқығын қаржы полициясы мекемелерінің қарамағына беру туралы заңды қабылдады

Парламент экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарды тексеру құқығын қаржы полициясы мекемелерінің қарамағына беру туралы заңды қабылдады

Бүгін, 22-желтоқсанда өткен жалпы отырыста мәжіліс депутаттары "ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат тарапынан қаржы полициясының іс-қызметіне қатысты енгізілген түзетулермен келісті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Желтоқсан 2004
  • 503
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп заң парламентте қабылданды деп танылып, Елбасының қол қоюына жіберіледі.

Мәжіліс депутаты Валерий Доскаловтың түсініктемесіне жүгінсек, «парламент сенаты тарапынан енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жобаға концепциялық сипатта өзгеріс әкелмейді. Олар тек заң жобасының нормаларын «Құқықтық-нормативтік актілер туралы» заң талабына, сондай-ақ, ҚР Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық, Қылмыстық-атқару және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстеріне қылмыстық істерді тексеру процедураларын жеңілдету және кейбір қылмыс түрлерін криминалдық тұрғыдан қарастырмау мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкестендіруге бағытталған».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сенаторлар заң жобасына 11 түзету енгізген.
заң жобасына сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің «Компьютерлік ақпаратты заңсыз алып пайдалану, Электронды есептеу машиналары үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату» жөніндегі 227-бабынан басқа барлық экономикалық қылмыс түрлерін тергеу-тексеру құқығы қаржы полициясына беріледі. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодексінің «Лауазымдық құзырын бас пайдасына жарату» жөніндегі 307-бабы, «Билігін немесе лауазымдық құзыретін асыра пайдалану» жөніндегі 308-ші, «пара алу» жөніндегі 311-баптарынан өзге сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істерді тексеру құқығы да қаржы полициясы органдарының қарамағына берілмек.
Ал қаржы полициясы бүгінге дейін қаржы полициясы экономикалық 30 қылмыстық құрамды, жемқорлық сипаттағы 1 қылмыстық құрамды тексеруге құқылы болып келген.

Перейти к новостям спорта