Парламент экстремизмге қарсы күрес туралы заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-17 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент экстремизмге қарсы күрес туралы заңды қабылдады

Парламент экстремизмге қарсы күрес туралы заңды қабылдады

Бүгін, 9-ақпанда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары "Экстремистік іс-әрекеттерге қарсы күрес туралы" заң жобасы бойынша сенаттың түзетулерімен келісті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан. Сөйтіп заң парламентте қабылданды деп саналады.

  • 9 Ақпан 2005
  • 1498
Фото - Caravan.kz

Бұл заң жобасы Қазақстан Республикасының егемендігі мен біртұтастығын, оның аумақтық бүтіндігін қамтамасыз ету, адамдар мен азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау мақсатында жасалды.

Бұл құжаттың көмегімен ҚР аумағында жұмыс істейтін шетелдік ұйымдардың бөлімдерін экстремистік ұйымға жатқызу тәртіптері айқындалады. Мұндай құқық Астана қалалық сотына берілген. Қандайбір шетелдік ұйымды экстремистік ұйым деп тану жөнінде Астана қалалық сотына шағым түсіру құзыретіне прокуратура органдары ие.
Сондай-ақ, парламент «Кейбір заңнамалық актілерге экстремистік іс-әрекеттерге қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады. Бұл құжатта қоғамдық бірлестіктер туралы заңды бұзғаны үшін азаматтар үшін 100-200, лауазым иелері үшін 200-400, заңды тұлғалар үшін 1000-2000 айлық есептік көрсеткішке дейін әкімшілік жауапкершілік жүктеу қарастырылған. Қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері үшін 200-400, қоғамдық бірлестіктердің мүшелері үшін 100-200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл жүктеу көзделді .
Екі заң да мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Перейти к новостям спорта