Парламент "Электр энергетикасы туралы" заңға енгізілетін толықтырулар туралы" заң жобасы бойынша Қазақстан президентінің қарсылығымен келісті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент   "Электр энергетикасы туралы" заңға енгізілетін толықтырулар туралы"  заң жобасы бойынша Қазақстан президентінің қарсылығымен келісті

Парламент "Электр энергетикасы туралы" заңға енгізілетін толықтырулар туралы" заң жобасы бойынша Қазақстан президентінің қарсылығымен келісті

Парламент "Электр энергетикасы туралы" заңға енгізілетін толықтырулар туралы" заң жобасы бойынша президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қарсылығымен келісті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 19 Сәуiр 2004
  • 557
Фото - Caravan.kz

Бұл шешімді отырысқа қатысқан 34 сенат депутатының 33-і, 65 мәжіліс депутатының 61-і қолдап дауыс берді.

ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьниктің айтуынша, «Электр энергетикасы туралы» заңға енгізілетін толықтырулардың басты мақсаты — «шағын қалаларды жылумен қамтамасыз етуге қолұшын беру» болмақ. Алайда, В.Школьниктің пайымдауынша, үкімет ұсынып, парламент мақұлдаған шағын қалалардағы жылумен қамтамасыз етуші кәсіпорындарды қаржыландыру тетіктері «Бюджеттік жүйе туралы» заңғы қайшы. «Елбасының қарсылығы оңды әрі ол шағын қалаларда жылудың нақты құнын төлей алатын адамдардың пайда бола бастауына байланысты»,- деді В.Школьник. «Ал мемлекет саясаты жылудың бағасын өз бетімен төлей алмайтындарға жәрдемдесуге саяды»,- деді министр.
Оның айтуынша, «шағын қалалардағы жылумен қамту проблемасы әлі де өткір күйінде қалып отыр, сол себепті үкімет шағын қалалардағы кедей отбасыларға субсидия бөлу жолдарын таяу уақыттарда қарастырмақшы». Бұл проблеманы шешудің бірнеше жолы бар, дейді В.Школьник. Атап айтсақ, «атаулы тұрғын үй жәрдемақысы, жылумен қамтамасыз етуші ұйымдарды несиелендіру, немесе бүгінде қолға алынған жылу қуаты туралы жаңа заң жобасын қабылдау» жолдарын таңдауға болады.
Ал мәжіліс депутаты Шаймерден Оразалиновтың пайымдауынша, «алдағы жылыту маусымына қатысты проблемаларды биылғы жылдың мамыр айында шешу қажеттігіне байланысты» аталмыш тетіктер парламент қарауына көп кешікпей ұсынылуы тиіс.
Регламентке сәйкес, бұл заң парламенттен енгізілген толықтырусыз күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар