Парламент "Электр қуаты туралы" заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 516.77
  • 542.87
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент "Электр қуаты туралы" заңды қабылдады

Парламент "Электр қуаты туралы" заңды қабылдады

Бүгін, 24-маусымда өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары "Электр қуаты туралы" заңды қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 24 Маусым 2004
  • 590
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл заң электр және жылу қуатын өндіру, пайдалану және жеткізуді құқықтық реттеуді жетілдіруге бағытталған. Құжаттың басты мақсаты — еліміздің электр қуатын өндіру саласын мемлекеттік реттеуді күшейту және электр қуатын тұтынушылар ретінде халықты қорғау болып табылады. Заң жобасында мемлекеттік басқару органдары мен шаруашылық субьектілерінің құзырет аясы нақты шектеліп көрсетілген.

Электр қуатының бөлшек сауда рыногын дамытуға байланысты заңның бір үлкен бөлігі тұтынушыларды қорғауға арналған.
Заң күшіне енгеннен кейін аймақтық электр қуатын өндіруші компаниялар электр қуатын өндіруші дербес заңды тұлғаларға бөлшектеніп, жеке электр станциялары мен электр қуатының тікелей бөлшек саудасымен айналысушылар болып құрылады. Соның нәтижесінде әр аймақта электр қуатының бөлшек саудасымен шұғылданушы бірнеше арнаулы компаниялар құрылуы тиіс. Мамандардың пікірінше, саланы қайта құру электр қуатын бөлшек тұтынушыларға өзіне электр қуатын сатушыларды таңдау құқығын беріп, олардың осы мақсаттағы төлемдері мөлшерін азайтады.
Заң Елбасының қол қоюына жолданды.