Құжат мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі.
Бұдан бұрын аталмыш заң жобасын депутаттарға таныстырған Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Омаров, бұл келісімнің мақсаты Ауғанстанды қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға ықпал етуде Қазақстанның рөлін нығайту болып табылатынын атап көрсетті.
«Келісім Франция үкіметінің Қазақстан аумағы арқылы әскери жүк транзитін жүзеге асыру тәртібін айқындайды», — дейді ол.