Caravan Logo

Парламент Франциямен Ауғанстанға әскери жүктер транзиті туралы келісімді ратификациялады

Парламент Франциямен Ауғанстанға әскери жүктер транзиті туралы келісімді ратификациялады

Құжат мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі.

Бұдан бұрын аталмыш заң жобасын депутаттарға таныстырған Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Омаров, бұл келісімнің мақсаты Ауғанстанды қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға ықпал етуде Қазақстанның рөлін нығайту болып табылатынын атап көрсетті.
"Келісім Франция үкіметінің Қазақстан аумағы арқылы әскери жүк транзитін жүзеге асыру тәртібін айқындайды", - дейді ол.