Парламент "Инвестициялық қорлар туралы" заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент "Инвестициялық қорлар туралы" заңды қабылдады

Парламент "Инвестициялық қорлар туралы" заңды қабылдады

Бүгін, 16-маусымда мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Инвестициялық қорлар туралы" заң жобасына сенат тарапынан енгізілген түзетулермен келісті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 16 Маусым 2004
  • 418
Фото - Caravan.kz

Регламентке сәйкес заң парламентте қабылданды деп танылып, мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасы инвестиция салудың ұжымдық түрлерін жетілдіру және оны дамытуға ынталандыру, шағын инвесторлардың инвестициялық мүмкіндіктерін арттыру, бағалы қағаздар рыногының жұмысын пәрмендендіру мақсатымен жасалған. Заң инвестициялық қор құру, оның іс-қызметін жүргізу және оны тарату барысында, сондай-ақ, инвестициялық қордың активтерін сенімді басқару, инвестициялық қорлар шығарған құнды қағаздарды биржада сату, оның айналымы мен қайта сатып алу барысында пайда болатын қарым-қатынастарды реттейді.