Аталған құжат Мемлекет басшысының тапсырмасына сай әзірленген. Заң жобасында Ішкі әскерлердің әскери-әкімшілік жүйесін жетілдіру және қолданыстағы бригадалық жүйеден өңірлік қолбасшылыққа ауысуы көзделеді. Осы мақсатта заң жобасымен әскери басқарудың жедел-аумақтық органы ретінде өңірлік қолбасшылықтың мәртебесі және оның қолбасшысының өкілеттіліктері айқындалады. Ішкі әскерлер комитеті әскери басқарудың жедел-стратегиялық органы ретінде Ішкі әскерлердің Бас қолбасшылығы болып қайта құрылады.
Заң жобасы арқылы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы» және «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.