Парламент кедендік және салық процедураларын жеңілдету мәселелері жөніндегі заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент кедендік және салық процедураларын жеңілдету мәселелері жөніндегі заңды қабылдады

Парламент кедендік және салық процедураларын жеңілдету мәселелері жөніндегі заңды қабылдады

АСТАНА. 5-шілде. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Кедендік және салық процедураларын жеңілдету мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда қарап қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 5 Шiлде 2007
  • 483
Фото - Caravan.kz

«Заң жобасы орталық атқарушы орган мен оның құрамына енетін мекемелердің құзыреті аясын нақтылау, салық әкімшілігі және бюджетке басқа да міндетті төлемдер жөніндегі мәселелер бойынша кедендік және салық процедураларын жетілдіру үшін жасалған», — делінген сенаттың экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Атап айтсақ, заң жобасымен «шекаралас елдердің кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының, соның ішінде жолаушы және жүк тасымалына, кедендік бақылаудан өтуіне қатысты кедендік процедуралар біршама жеңілдетілген».

«Кедендік тасымалдаушы ретінде қызмет көрсету үшін әрбір көлік құралында тиісті техникалық жабдықтың болу қажеттігі жөнінде квалификациялық талап енгізіліп отыр. Бұл көлік құралының қозғалысы барысында оның іс жүзінде жүрген жерін бақылап отыруға мүмкіндік береді», — делінген қорытындыда.

Заң президенттің қол қоюына ұсныылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті