Парламент кейбір конституциялық заңдарға енгізілетін нақтылау сипатындағы түзетулерді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент кейбір конституциялық заңдарға енгізілетін нақтылау сипатындағы түзетулерді қабылдады

Парламент кейбір конституциялық заңдарға енгізілетін нақтылау сипатындағы түзетулерді қабылдады

АСТАНА. 24-қараша. Kazakhstan Today. Бүгін өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар "Кейбір конституциялық заңдарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы жүйесін Конституция нормаларына сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заңның жобасын екінші оқылымда қарап қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 24 Қараша 2006
  • 439
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, соған сәйкес «Қазақстан президенті туралы» және «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңдарға нақтрылау сипатында өзгерістер енгізілді.

«Түзетулерді қабылдау «Парламент туралы» конституциялық заң нормаларын парламенттің тұрақты комитеттері мен комиссиялары қабылдайтын актілердің формасына қатысты екіұшты түсініктеме беруден жалтаруға мүмкіндік берумен бірге қазір пайдаланылмайтын «заңды күшіне ие болу» атты терминологияны алып тастауға жол ашады. Ал «Президент туралы» заңда мемлекет басшысының заң жобасын шұғыл қарау қажеттігін жариялау құқығы туралы нақты көрсетуге мүмкіндік береді.

«Кейбір конституциялық заңдарға Қазқстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы жүйесін Конституция нормаларына сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» конституциялық заң президенттің қол қоюына жолданды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта