Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, халықаралық келісімдер туралы заңға өзгеріс енгізу туралы бастаманы депутат Сергей Киселев көтерген. Оның пайымдауынша, 2005-жылдың мамыр айында қабылданған «Халықаралық келісімдер туралы» заңда қарама-қайшы нормалар бар. Мәселен, заңның 20-бабы, 2-тармағында айқындалғанындай, Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері Қазақстан заңдарына қайшы келген жағдайда халықаралық келісімдерді өзгерту, әсерін тоқтату немесе қызметін мүлдем доғару керек. Ал бұл Қазақстан Республикасы Ата заңының 4-бабы, 3-тармағына қайшы келеді, өткені, онда республика бекіткен халықаралық келісімдер ішкі заңнамадан артықшылықта болады деп көрсетілген.
Осыған байланысты депутат заңның 20-бабы, 2-тармағын мынадай мәтінмен бекітуді ұсынған: «Қазақстан Республикасы халықаралық келісімді бекіткеннен кейін қабыланған құқықтық-нормативтік актінің құзыры осынау халықаралық келісімге қол қоюға қатысты пайда болатын құқықтық қатынастардың аталмыш халықаралық келісімге қарама-қайшы келетін тұстарына жүрмейді».
Заң елбасының қол қоюына жіберілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті