Парламент КО-дағы бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+29 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент КО-дағы бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялады

Парламент КО-дағы бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялады

ҚР Парламентінің сенаты бейсенбі күні пленарлық отырысында «Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды мақұлдады.

  • 16 Маусым 2011
  • 569
Фото - Caravan.kz

«Оның мақсаты Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің бірыңғай кеден аумағында тараптардың тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің және капиталдың еркін қозғалысын, экономикалық қызметтің еркіндігін және тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуін, тараптардың бәсекелестік саясат саласындағы заңнамасын үйлестіруді қамтамасыз ету және тараптардың өзара саудаға теріс әсер етуге қабілетті іс-қимылға жол бермеуі үшін бірыңғай бәсекелестік саясатты қамтамасыз ету болып табылады», — деген болатын ҚР бәсекелестікті қорғау агенттігінің басшысы Мәжит Есенбаев.

Оның айтуынша, келісімнің нысанасы Тараптардың аумағында бәсекелестікке қарсы іс-қимылды анықтау әрі оның жолын кесу және екі немесе одан да көп Тараптардың аумағында бәсекеге теріс әсер ететін іс-қимылға жол бермеуді қамтамасыз ететін бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидаларын белгілеу болып табылады.

Кеден одағының Комиссиясы Бірыңғай экономикалық кеңістікте бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларын сақтауды бақылау саласындағы уәкілетті орган болып табылады.