Парламент көктемде қаржы пирамидаларныңы қызметіне қарсы тұру бойынша заңдарға түзетулер енгізуді қарастырады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент көктемде қаржы пирамидаларныңы қызметіне қарсы тұру бойынша заңдарға түзетулер енгізуді қарастырады

Парламент көктемде қаржы пирамидаларныңы қызметіне қарсы тұру бойынша заңдарға түзетулер енгізуді қарастырады

Парламент наурыз айында «Қазақстан Республикасындағы қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы тұру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заі актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарастырады.

  • 17 Қаңтар 2013
  • 336
Фото - Caravan.kz


Бұл мерзім Қазақстанның нормативтік құқықтық актілері ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған 2013 жылға арналған заң жобалық жұмыстар жоспарына қаралған.
Құжат келесі айда үкімет қарауына беріледі.
Бұрын хабарланғандай, ҚР ІІМ Қылмыстық кодекске қаржы пирамидаларын құруға қатысты бап енгізбеу.
Қазіргі кезде республика заңдарында қаржы пирамидасы деген анықтама жоқ. Осыған байланысты Ұлттық банктің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті азаматтарға сақ болуды және «МММ 2011» ұйымымен ынтымақтасудан болатын шығын тәуекелдігі барын ескертті. Қолданыстағы құқық аясында алаяқтығы үшін тек заңды тұлғаны ғана жауапкершілікке тарту мүмкін. Ал, «МММ 2011» секілді заңды тұлға Қазақстанда да, басқа елдерде де жоқ.
Былтыр «ҚазРосИнвестПроект» қаржы пирамидасының әрекетінен 2,6 мыңнан астам адам зардап шекті. Оны құрушылар алаяқтығы үшін және салық төлеуден жалтарғаны үшін сотқа тартылды.