Парламент Малайзия үкіметімен арадағы қосалқы салық салудан бас тарту туралы келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 508.91
  • 594.36
-5 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Малайзия үкіметімен арадағы қосалқы салық салудан бас тарту туралы келісімді бекітті

Парламент Малайзия үкіметімен арадағы қосалқы салық салудан бас тарту туралы келісімді бекітті

АСТАНА. 8-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "ҚР үкіметі мен Малайзия үкіметі арасындағы қосарланған салықты болдырмау және табысқа салынатын салықтан жалтаруға жол бермеу жөніндегі келісім мен оған қосымша хаттаманы бекіту жөніндегі" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 8 Ақпан 2007
  • 586
Фото - Caravan.kz

Келісімнің мақсаты заңды және жеке тұлғаларға -екі мемлекеттің резиденттеріне қосалқы салық салмау. Келісімде дивиденттерге салық салу тәртібі қарастарылыған, кез келген борыштық талап түрінің табыс тәртібі , роялти, сонымен қатар мағлұмат пен құжаттарды беру ережесі, тәжірибе алмасу, алынған мағлұматтар мен құжаттарды пайдалану және зерттеу жүргізу тәртібі айқындалған.

Келісімге сәйкес, екі елдің құзырлы органдары арасында ақпарат алмасу қарастырылған. Бұл ақпарат кез келген салық түрінде қолданылады және ашық болып табылады.

Келісім мерзімсіз. Құжат күшіне енген күннен кейін бес жыл өткен соң, тараптар келісімнің күшін жойғаны туралы ескерту жіберуге құқылы.

Келісімге Куала -Лумпур қаласында 2006 — жылы 26 маусымда қол қойылды.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті